Nokia 3610 fold - Интернет қызметтері

background image

Интернет қызметтері

желі мүмкіндіктерін қажет етеді. Бұл мүмкіндіктерді пайдалану барлық желі арқылы мүмкін

бола бермейді. Кейбір желілер бұл мүмкіндіктерді пайдаланудан бұрын сізге желі қызметін

көрсетушіңізбен бірге арнайы шараларды орындауыңызды талап етуі мүмкін Сіздің қызмет

көрсетушіңіз қандай жүктемелер қажет екендігі жайлы нұсқаулықтар мен түсініктемелер бере

алады. Кейбір желілер қойған шектеулер сіз пайдаланатын желі қызметтеріне әсерін тигізуі

мүмкін. Ондайда кейбір желілер тілге байланысты әріптерді және қызметтерді қолдамайды.
Қызмет провайдері телефондағы кейбір мүмкіндіктердің ажыратылуын немесе іске қосылмауын

сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда, бұл мүмкіндіктер телефон мәзірінен көрінбейтін болады.

Сондай-ақ, телефонда мәзір атауларындағы, тәртібіндегі және белгішелеріндегі өзгерістер

сияқты арнайы конфигурация болуы мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен

байланысыңыз.
Бұл құрылғы TCP/IP хаттамасында орындалатын WAP 2.0 (HTTP және SSL) хаттамасын

қолдайды Құрылғының мультимедиалық хабарлар алмасу (MMS), интернет беттерін қарау,

электрондық пошта бағдарламасы, шұғыл хабарлар, контактілердің болуы, қашықтан

синхрондау және браузер немесе MMS арқылы мазмұн жүктеу сияқты кейбір мүмкіндіктері бұл

технологияларға желінің қолдау көрсетуін қажет етуі мүмкін.

■