
Конфигурациялық параметрлер қызметі
Мобильді интернет қызметтері, MMS, Nokia Xpress аудио хабарлары немесе қашықтағы
сервермен синхрондау сияқты кейбір желілік қызметтерді пайдалану үшін телефон дұрыс
конфигурациялық параметрлерді қажет етеді. Бар-жоғын білу үшін желі провайдеріне, қызмет
провайдеріне, ең жақын өкілетті Nokia дилеріне хабарласыңыз немесе www.nokia.com/support
қолдау беттерін қараңыз.
Параметрлер конфигурациялық хабар түрінде алынып, параметрлер автоматты түрде
сақталып, қосылмаған кезде дисплейге Конфиг. парам. қабылданды деген хабар шығады.
Параметрлерді сақтау үшін
Көрсету > Сақтау опциясын таңдаңыз. Қажет болса, қызмет
провайдері берген PIN кодты енгізіңіз.

Ж а л п ы м ә л і м е т т е р
11
Алынған параметрлерді қабылдамай тастау үшін
Шығу немесе Көрсету > Тастау опциясын
таңдаңыз.
■