Nokia 3610 fold - Пайдалы кеңестер

background image

. Пайдалы кеңестер

Телефонды қызмет көрсету орталығына апарардан бұрын
С:
Телефонның жұмысындағы ақаулықтарды жөндеу үшін не істеуге болады?
Ж: Мынаны орындап көріңіз:
● Телефонды өшіріп, батареясын шығарып алыңыз да, қайтадан салыңыз.
● Зауыт параметрлерін қалпына келтіріңіз.

Мәзір > Параметрлер > Зауыт бапт. қайтару

опциясын таңдаңыз. «Контактілер» ішінде сақтаулы аттар мен телефон нөмірлері

жойылмайды.

● Егер бар болса, телефонды Nokia Software Updater бағдарламасының көмегімен

жаңартыңыз. www.nokia.com/softwareupdate немесе жергілікті Nokia веб-сайтын қараңыз.

Bluetooth байланыс мүмкіндігі
С:
Телефон Bluetooth құрылғысын неге таба алмайды?
Ж: Мынаны тексеріңіз:
● Екі құрылғыда да Bluetooth байланыс мүмкіндігі қосылған және олар сыйысымды.
● Екі құрылғының арасындағы қашықтық 10 метрден (33 футтан) аспайды. Құрылғылардың

арасында қабырғалар немесе басқа кедергілер жоқ.

● Екінші құрылғы жасырын күйде емес.
Қоңыраулар
С:
Қоңырау үні қалай өзгертіледі?
Ж: Мәзір > Параметрлер > Саздар опциясын таңдаңыз.
Контактілер
С:
Жаңа контакт қалай қосылады?
Ж: Бірінші контакті үшін Мәзір > Контактылар > Аттар > Қосу > опциясын таңдаңыз.
С: Жаңа контактіге қосымша ақпарат қалай қосылады?
Ж: Керек контактіні іздеп тауып, Мәлім-рі > Опц-р > Мәлімет қосу опциясын таңдаңыз.
Мәзірлер
С:
Мәзірлердің көрінісін қалай өзгертуге болады?
Ж: Мәзір көрінісін өзгерту үшін Мәзір > Опц-р > Нег. мәзір көрінісі опциясын таңдаңыз.
С: Мәзір қалай жеке қалауға бейімделеді?
Ж: Мәзір тәртібін өзгерту үшін Мәзір > Опц-р Реттеу опциясын таңдаңыз. Ауыстырылатын

мәзір тармағына жылжып

барып, Ауыстыр опциясын таңдаңыз. Керек жерге жылжып барып,

OK опциясын таңдаңыз.

background image

Ж а л п ы м ә л і м е т т е р



Хабар алмасу
С:
Жаңа электрондық пошта қалай орнатылады?
Ж: Телефондағы электрондық пошта функциясын пайдалану үшін сыйысымды электрондық

пошта жүйесі қажет. Электрондық поштаңыздың конфигурациялық параметрлерін электрондық

пошта провайдерінен сұрап біліңіз.
Компьютермен байланыс мүмкіндігі
С:
Телефонды компьютерге қосқан кезде неге ақаулықтар орын алады?
Ж: Nokia PC Suite бағдарламалар жинағының компьютерге орнатылуын және істеп тұруын

қамтамасыз етіңіз. Nokia PC Suite пайдаланушы нұсқаулығын немесе Nokia PC Suite

бағдарламасындағы анықтама функциясын қараңыз. Сонымен қатар, www.nokia.com

сайтындағы қолдау беттерін қараңыз.
Сілтемелер
С:
Телефонда сілтемелер бар ма?
Ж: Телефонда бірнеше сілтеме бар:
● Соңғы терілген нөмірлер тізіміне өту үшін қоңырау шалу түймесін бір рет басыңыз. Керек

нөмірге немесе контакт атына жылжып барып, қоңырау шалу түймесін басыңыз.

● Веб браузерін ашу үшін

0 түймесін басып тұрыңыз.

● Дауыс пошта жәшігіне қоңырау шалу үшін

1 түймесін басып тұрыңыз.

● Жылжу түймесін сілтеме ретінде пайдаланыңыз. 31-беттегі «Сілтемелерім» бөлімін қараңыз.
● Дыбыссыз күйге немесе қайтадан қалыпты күйге ауысу үшін

# түймесін басып тұрыңыз.

■