Nokia 3610 fold - Бейне

background image

. Бейне

Бейнеклиптерді 3GP пішінде жаза аласыз. Қолжетімді жазу уақыты бейнеклиптің ұзындығына

және сапа параметрлеріне байланысты.
Клиптердің ұзындығы мен файл өлшемі таңдалған сапа мен қолжетімді жадқа байланысты

өзгеруі мүмкін. Бейнеклиптердің сапасын орнату үшін,

Мәзір > Медиа > Бейне > Опц-р >

Параметрлер > Бейнеклип сапасы > Жоғары, Қалыпты немесе Негізгі пәрмендерін таңдаңыз.
Файл өлшемінің шегін таңдау үшін,

Мәзір > Медиа > Бейне > Опц-р > Параметрлер >

Бейнеклип ұзындығы пәрменін таңдаңыз. Әдепкі дегеніміз файл өлшемі мультимедиалық

хабарға сыятындай шектелетінін білдіреді (мультимедиалық хабар өлшемі әр түрлі құрылғыларда

әр түрлі болуы мүмкін). Максимум дегеніміз барлық қолжетімді жад қолданылатынын білдіреді.

Қолжетімді жад бейнеклип қайда сақталатынына байланысты болады.

Бейнеклип жазу

Мәзір > Медиа > Бейне > Жазу пәрменін таңдаңыз. Сондай-ақ, камера түймесін басып,

ұстап тұруыңызға болады. Жазуды кідіріске қою үшін Кідіріс пәрменін таңдаңыз, ал жазуды

жалғастыру үшін Жалғастыру пәрменін таңдаңыз. Жазуды тоқтату үшін Тоқтату пәрменін

таңдаңыз. Телефон жазбаларды Галерея Бейнеклиптер > қалтасында сақтайды.
Масштабтауды үлкейту немесе азайту үшін, дыбыс деңгейі түймесін жоғары не төмен, немесе

солға не оңға жылжыңыз.