Nokia 3610 fold - Музыкалық плеер

background image

. Музыкалық плеер

Телефоныңызда Nokia PC Suite бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын Nokia Audio

Manager бағдарламасымен тасымалдаған өлеңдерді, жазбаларды немесе басқа дыбыс

файлдарын тыңдауға арналған музыкалық плеер бар. «Nokia PC Suite», 49-б. қараңыз.
Телефонда немесе жад картасында сақталған музыкалық файлдар автоматты түрде әдепкі

ойнату тізіміне қосылады.
Музыкалық плеерді ашу үшін

Мәзір > Медиа > Музыкалық плеер пәрмендерін таңдаңыз.

background image

М е д и а

1

Музыка ойнату

Ескерту: Әуенді орташа дауыс деңгейінде тыңдаңыз. Үнемі аса көтеріңкі деңгейдегі

дыбысты тыңдау есту қабілетіңізге нұқсан келтіруі мүмкін. Құралды қосылып тұрған

кезде құлағыңызға жақындатпаңыз, себебі дыбыс деңгейі шектен тыс қатты болуы

мүмкін.

Музыкалық плеерді телефондағы түймелермен немесе дисплейдегі виртуалды түймелермен

басқарыңыз.
Музыкалық плеер мәзірін ашқан кезде, әдепкі ойнату тізіміндегі бірінші өлеңнің мәліметтері

көрсетіледі. Ойнату үшін түймесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу үшін, телефонның бүйіріндегі дыбыс деңгейі түймелерін пайдаланыңыз.
Ойнатуды кідіріске қою үшін түймесін басыңыз.
Ойнатуды тоқтату үшін аяқтау түймесін басып тұрыңыз.
Келесі өлеңге өту үшін

түймесін басыңыз. Алдыңғы өлеңнің басына өту үшін

түймесін басыңыз.
Ағымдағы өлеңді артқа айналдыру үшін,

түймесін басып тұрыңыз. Ағымдағы өлеңді

алдыға айналдыру үшін,

түймесін басып тұрыңыз. Қалаған жерде түймені жіберіңіз.