Nokia 3610 fold - Шолғыш қауіпсіздігі

background image

. Шолғыш қауіпсіздігі

Қосылған күйінде банкпен жұмыс істеу немесе сатып алу сияқты кейбір қызметтер үшін

қауіпсіздік функциялары қажет болуы мүмкін. Мұндай байланыстар үшін қауіпсіздік куәліктері

қажет және SIM картаңызда болуы мүмкін қауіпсіздік модулі қажет болуы мүмкін. Көбірек

мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен байланысыңыз.

background image

В е б



Қауіпсіздік модулі

Қауіпсіздік модулі шолғыш байланысын қажет ететін бағдарламалар үшін қауіпсіздік қызметтерін

жақсартады және сізге сандық қолтаңбаны қолдануға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік модулі

сертификаттар, сондай-ақ, жеке және жалпы кілттерді қамтуы мүмкін. Қызмет көрсетуші

сертификаттарды қауіпсіздік модулінде сақтайды.
Қауіпсіздік модулінің параметрлерін көру немесе өзгерту үшін

Мәзір > Параметрлер >

Қауіпсіздік > Қауіпсіздік модулі параметрлері пәрменін таңдаңыз.

Сертификаттар

Есте ұстаңыз: Лицензияларды пайдалану қашықтықтан байланыс пен

бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпті деңгейін кемітеді, қауіпсіздіктің жоғары

дәрежесінің тиімділігі үшін ол қолданылуы тиіс.

Лицензиялардың болуы өздігінен ешқандай қорғанысты қамтамасыз етпейді; қауіпсіздікті

барынша арттыру үшін лицензияда дұрыс, шынайы және сенімді лицензияларды қамтуы

тиіс. Лицензияны қолдану мерзімі шектелген. Егер лицензия жарамды болуы тиіс бола

тұрып, “Лицензия мерзімі аяқталды” немесе “Лицензия жарамсыз” деген жазулар шықса,

құрылғыңыздағы мерзім мен уақыт дұрыс белгіленгенін тексеріңіз.
Кез келген лицензия көрсеткіштерін өзгертпес бұрын, сіз лицензия иесіне іс жүзінде

сенетіндігіңізге және лицензияның тізімдегі тұлғаның иелігі болатындығына көз жеткізуіңіз тиіс.
Сертификаттардың үш түрі бар: сервер сертификаттары, уәкілет сертификаттары және

пайдаланушы сертификаттары. Бұл сертификаттарды қызмет көрсетушіңізден ала аласыз.

Қызмет көрсетуші уәкілет сертификаттары мен пайдаланушы сертификаттарын да қауіпсіздік

модулінде сақтауы мүмкін.
Телефоныңызға жүктелген уәкілет немесе пайдаланушы сертификаттарының тізімін көру

үшін

Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік > Уәкілет сертификаттары немесе Пайдаланушы

сертификаттары пәрменін таңдаңыз.
Егер телефон мен мазмұн серверінің арасындағы деректер тасымалы шифрланған болса,

байланыс кезінде

таңбасы көрсетіледі.

Қауіпсіздік пиктограммасы ретқақпа пен мазмұн сақтаушы сервер (сұратылатын қорлар

сақталатын орын) арасында тасымалданып жатқан деректердің қорғалғандығын көрсетпейді.

Қызмет көрсетуші сервер ретқақпа пен мазмұн сақтаушы сервер арасындағы тасымалданушы

деректерді қорғайды.

Сандық қолтаңба

Егер SIM картаңызда қауіпсіздік модулі болса, телефоныңызбен сандық қолтаңба қоя аласыз.

Сандық қолтаңбаны қолдану шотқа, келісім-шартқа немесе басқа құжатқа қол қойғанмен бірдей

болуы мүмкін.
Сандық қолтаңба қою үшін, беттегі сілтемені таңдаңыз, мысалы, сатып алуды қалаған кітаптың

атауы және оның бағасы. Мөлшер мен күнді қамтуы мүмкін қол қойылатын мәтін көрсетіледі.
Тақырып мәтіні Оқу екенін және

сандық қолтаңба белгішесі көрсетіліп тұрғанын тексеріңіз.

Ескерім: Егер сандық қолтаңба белгішесі көрсетілмесе, қауіпсіздіктің бұзылған деген сөз, және

сіз қол қою PIN коды сияқты кез келген жеке деректеріңізді енгізбеуіңіз керек.

background image



Мәтінге қол қою үшін алдымен мәтінді толығымен оқып шығыңыз да, содан кейін

Қол қою

пәрменін таңдаңыз.
Мәтін бір экранға сыймауы мүмкін. Сондықтан, қол қоймастан бұрын мәтін бойымен жылжып,

оны толығымен оқып шықаныңызға көз жеткізіңіз.
Қолданғыңыз келетін пайдаланушы сертификатын таңдаңыз. Қол қою PIN кодын енгізіңіз.

Сандық қолтаңба белгішесі жоғалады да, қызмет сатып алуыңыздың растауын көрсетуі мүмкін.