Nokia 3610 fold - Қызметтік кіретін пошта жәшігі

background image

. Қызметтік кіретін пошта жәшігі

Телефоныңыз қызмет көрсетушіңіз жіберетін қызметтік хабарларды қабылдай алады (желі

қызметі). Қызметтік хабарлар - бұл құрамында мәтіндік хабар немесе қызмет мекенжайы болуы

мүмкін хабарламалар (жаңалықтар тақырыптары сияқты).
Күту режимінде қызметтік хабар алғанда Қызм. кіріс папкасы қалтасына қатынау үшін,

Көрсету

пәрменін таңдаңыз. Егер сіз

Шығу пәрменін таңдасаңыз, хабар Қызметтік кіретін пошта

жәшігіне жылжытылады. Қызметтік кіретін пошта жәшігіне кейін қатынау үшін,

Мәзір > Веб >

Қызм. кіріс папкасы пәрменін таңдаңыз.

Қызметтік кіретін пошта жәшігінің параметрлері

Мәзір > Веб > Параметрлер Қызм. кіріс папкасы параметрлері.
Қызметтік хабар алуды не алмауды орнату үшін Қызметтік хабарлар > Қосу немесе Сөндіру

пәрменін таңдаңыз.
Телефонды тек қызмет көрсетуші растаған мазмұн авторларынан қызметтік хабарлар алуға қою

үшін Хабар фильтрі > Қосу пәрмен таңдаңыз. Расталған мазмұн авторларының тізімін көру

үшін, Сенімді арналар пәрменін таңдаңыз.
Телефонға қызметтік хабар келгенде телефонды күту режимінен автоматты түрде шолғышты

қосып қою үшін Автоматты байланысу > Қосу пәрменін таңдаңыз. Телефонға қызметтік хабар

келгенде егер Сөндіру пәрменін таңдасаңыз, телефон шолғышты сіз

Алу пәрменін таңдағаннан

кейін ғана қосады.