Nokia 3610 fold - 16.  Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат

background image

16. Батарея мен зарядтағыш туралы

ақпарат

Құрылғыңыз қайта зарядталатын батареядан қуат алады. Бұл құрылғы BL-5C батареясымен

бірге пайдаланылады. Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған:

AC-3U, AC-4U немесе AC-5U. Батарея жүздеген мәрте зарядталып, зарядсыздандырылуына

болады, дегенмен, нәтижесінде тозады. Сөйлесу және күту режимдері көрсетілген қалыпты

уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен рұқсат етілген

батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia компаниясымен рұқсат етілген және

осы құрылғыға арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз. Рұқсат етілмеген батареяны немесе

зарядтағышты пайдалану өрттің, қопарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне немесе

басқадай қауіп тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.
Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған

жағдайда оны зарядтау үшін зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта қосуды қажет етуі мүмкін.

Егер батарея заряды толық біткен болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе

қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут қажет болады.
Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз.

Толық зарядталған батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз, себебі асыра

зарядтау оның қызмет мерзімін қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея

уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Батареяны әрдайым 15ºС пен 25ºС (59ºF пен 77ºF) аралығындағы температурада сақтауға

тырысыңыз. Шамадан тыс температура батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін

қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы

мүмкін. Батареяның қызметі қату температурасынан төмен жағдайда ішінара шектеледі.
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз. Қысқа тұйықталу тиын, қағаз қыстырғыш немесе қаламсап

сияқты металл нысан батареяның оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын тудырған кезде

кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар батареядағы металл жолақшалары сияқты көрінеді). Бұл,

мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда қосымша батарея болғанда орын алуы мүмкін.

Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Батареялар бүлінсе

де жарылауы мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың ережелеріне сәйкес

пайдаланыңыз. Мүмкін болған жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық қалдық

түрінде қоқысқа тастамаңыз.

background image

Б а т а р е я м е н з а р я д т а ғ ы ш т у р а л ы а қ п а р а т

1

Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, майыстырмаңыз,

бүлдірмеңіз, теспеңіз немесе кішкентай кесектерге бөлшектемеңіз. Батареядан еріп кеткен

жағдайда сұйықтықты теріге немесе көзге тигізіп алмаңыз. Теріңізге немесе көздеріңізге

сұйықтық тиген жағдайда сумен жуып тастаңыз немесе медициналық көмек іздеңіз.
Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне салуға

талпынбаңыз немесе оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе салмаңыз.
Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың немесе басқа қауіптің пайда болуына

алып келуі мүмкін. Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе, әсіресе қатты жерге түсіп, сіз

батареяның бүлінгеніне сенімді болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін қызмет

көрсету орталығына алып барыңыз.
Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз. Ешқашан зақымданған зарядтағышты

немесе батареяны пайдаланбаңыз. Батареяңызды кішкентай балалардың қолы жетпейтін

жерде сақтаңыз.