Nokia 3610 fold - Күтім және техникалық қызмет көрсету

background image

Күтім және техникалық қызмет көрсету

Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып табылатындықтан, оны ұқыпты

пайдалану керек. Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.

Құрылғыны құрғақ күйінде ұстаңыз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың

құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын минералдар болуы

мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны алып, оны орнына

салардың алдында құрылғыны әбден құрғатыңыз.

Құрылғыны шаң басқан, ластанған жерлерде пайдаланушы немесе сақтаушы болмаңыз.

Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары температура электрондық

құрылғылардың қызмет етуі қысқартып, батареяларды зақымдауы және пластикалық

бөліктерінің қалпын бұзуы немесе балқытып жіберуі мүмкін.

Құрылғыны суық жерде сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты температурасына келгенде, оның

ішінде ылғал пайда болып, электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.

Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға әрекеттенбеңіз.

Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Өрескел пайдаланудан ішкі

тізбек тақталары мен жұқа механизмдердің зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны тазалау үшін қатты химиялық заттарды, тазалағыш ерітінділерді немесе күшті

жуу құралдарын пайдаланбаңыз.

Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс

жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Камера, байланыссыз сенсор сияқты линзаларды және жарық сенсорының линзаларын

тазалауға жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

Тек қана жинақпен жеткізілген немесе мақұлданған қосалқы антеннаны пайдаланыңыз.

Рұқсат берілмеген антенналар, түрлендірулер немесе көмекші құралдар құрылғыны

зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.

Зарядтағыштарды жабық жайда пайдаланыңыз.

Әрдайым күнделіктер мен күнтізбе ескертушілер сияқты ақпараттың қосалқы көшірмесін

жасап жүріңіз.

Құрылғының оңтайлы жұмыс істеуі үшін мезгіл-мезгіл бастапқы қалпына келтіру

мақсатында оны токтан ажыратып, батареясын шығарыңыз.

Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген құрылғыға

бірдей қолданылады. Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса, тексерту үшін оны жақын өкілетті

қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

К ү т і м ж ә н е т е х н и к а л ы қ қ ы з м е т к ө р с е т у

background image

Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т

3

Қоқысқа тастау
Бұйымыңыздағы, құжаттамадағы немесе орауыштағы сызылған қоқыс контейнері

таңбасы сізге Еуропалық Одақта барлық электр және электронды бұйымдардың,

батареялар мен батареялардың жұмыс істеу мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналатынын

еске салады. Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз.
Бұл ұсыныстар құрылғыңызға, батареяңызға, зарядтағышыңызға немесе кез келген

құрылғыға бірдей қолданылады. Егер құрылғы дұрыс істемей тұрса, тексерту үшін

оны жақын өкілетті қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Бұйымдарды жинауға қайтару арқылы сіз қалдықтардың бақылаусыз тасталуына жол

бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына көмектесесіз. Толық ақпаратты

бұйымды сатушылардан, жергілікті қалдық жинау мекемелерінен, ұлттық өндірушілер

жауапкершілігіне қатысты ұйымдардан немесе жергілікті Nokia өкілінен алуға

болады. Сіздің ескірген бұйымыңызды қайтаруға қатысты бұйымның экологиялық

декларациясын немесе нұсқауларын оқу үшін www.nokia.com сайтындағы елдерге

қатысты ақпараттан ала аласыз.