Nokia 3610 fold - Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

background image

Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат

Кішкентай балалар

Құрылғы және оның жетілдіргіштері кішкентай бөліктерден тұрады. Кішкентай балалардың қолы

жетпейтін жерде сақтаңыз.

Қолдану аясы

Бұл құрылғы құлаққа қатысты бір қалыпты істеп тұрғанда не денеден кемінде 2.2 см (7/8 дюйм)

алшақ тұрған кезде радиожиілік әсері туралы нұсқауларға сай болады. Көтеріп жүрген кезде

тасымалдау сөмкесі, белдіктегі қыстырғыш немесе ұстағыш пайдаланылған жағдайда, оның

құрамында металл болмауы тиіс және құрылғыны денеңізден жоғарыда көрсетілген қашықтықта

ұстауға тиістісіз.
Деректер файлдарын немесе хабарларды жіберу үшін құрылғы желіге қосылу сапасының

жақсы болуын қажет етеді. Кейбір жағдайларда деректер файлдары мен хабарларды жіберу

бұл байланыс орнатылғанға дейін кешігуі мүмкін. Жіберілім аяқталғанға дейін аралық қашықтық

нұсқауларын қадағалаңыз.

Медициналық құрылғылар

Радио хабар тарату құралдарының, соның ішінде, сымсыз телефонның да жұмысы сәйкес

түрде қорғалмаған медициналық құрылғылардың қызметтеріне кедергі келтіруі мүмкін. Сыртқы

РЖ энергиядан сәйкес түрде қорғалғандығын білу үшін немесе осы мәселе жайында сізде

қандай да бір сұрақ туындаса, дәрігер немесе құрылғыны өндірушімен хабарласыңыз. Егер

денсаулық сақтау мекемелерінде ескерту нұсқаулары болса, құрылғыңызды өшіріп қойыңыз.

Ауруханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінде сыртқы РЖ энергиясына сезгіш құралдар

пайдаланылуы мүмкін.

Алмастырылған медициналық құрылғылар
Медициналық құрылғыларға кедергі болмауы үшін медициналық құрылғыларды өндірушілер

сымсыз құрылғы мен алмастырылған медициналық құрылғылар, мысалы, жүрек жұмысының

background image

Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т



электронды стимуляторы немесе электрошок кардиостимуляторы дефибриллятор арасындағы

қашықтық 15,3 сантиметрді (6 дюйм) құрауы тиіс деген кеңес береді. Мұндай құрылғыларға ие

адамдар төмендегілерді орындауы тиіс:

Сымсыз құрылғы қосулы кезде оны медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр (6 дюйм)

алшақ ұстау қажет.

Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып жүрмеу керек.

Кедергі күшін барынша азайту үшін сымсыз құрылғыны құлаққа таяу, медициналық

құрылғыға қарама-қарсы ұстау қажет.

Егер кедергі барынан күманданған жағдайда сымсыз құрылғыны бірден өшіру қажет.

Алмастырылған медициналық құрылғыны өндірушілердің нұсқауларын оқыңыз және

қадағалаңыз:

Егер сізде алмастырылған медициналық құрылғыны сымсыз құрылғымен пайдалану жөнінде

сұрақтарыңыз болса, денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.

Есту аппараты
Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейде есту аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.

Егер кедергілер пайда болса, қызмет көрсетуішіңізбен хабарласыңыз.

Көлік

РЖ сигналдары дұрыс орнатылмаған немесе сәйкес түрде қорғалмаған электронды жүйелерді

мысалы, электронды жағармай бүрку жүйелері, бұғаттауға қарсы тежегіш жүйелер, электронды

жылдамдық басқару жүйесі және пневможастық жүйелеріне әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпарат

алу үшін көлігіңіз немесе қосымша жабдықтардың өндірушісі немесе өкілімен хабарласыңыз.
Құрылғыға қызмет көрсету немесе құрылғыны көлікке орнату жұмыстарын тек білікті мамандар

ғана жүргізуі керек. Қате орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы мүмкін және құрылғы

кепілдемесінің күшін жоюы мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз құрылғылардың сәйкес

орнатылуы мен ойдағыдай жұмыс істеуін тексеріп тұрыңыз. Жанғыш сұйықтықтарды, газдарды

немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөлшектерімен немесе жетілдіргіштерімен бірге

сақтамаңыз немесе ұстамаңыз. Пневможастықпен жабдықталған көліктерде олардың үрленуі

үшін аса жоғары қуат қажет екендігін есте сақтаңыз. Орнатылған немесе тасымалды сымсыз

құралдары бар жабдықтарды пневможастық тұрған жерге немесе пневможастық орналасқан

жерге қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз құрал дұрыс орнатылмай, пневможастық үрленіп

кетсе, бұл ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Құрылғыны әуе кемелерінде ұшу кезінде қолдануға тыйым салынған. Ұшаққа отырмас бұрын

құрылғыны өшіріңіз. Ұшақта сымсыз телеқұрылғыларды қолдану әуе кемесінің жұмыс істеуіне

қауіпті әсер етуі мүмкін, ол сымсыз телефон желісін бұзады және заңсыз болуы мүмкін.

Жарылыс қаупі жоғары орталар

Жарылыс қаупі жоғары орындарда құрылғыңызды өшіріңіз және барлық белгілер мен

нұсқауларды орындаңыз. Жарылыс қаупі жоғары аймақтарға көлігіңіздің қозғалтқышын өшіруді

нұсқайтын орындар жатады. Мұндай орындарда бөлініп шығатын ұшқындар нәтижесінде дене

жарақаты тіпті өлімге әкелетін жарылыстар болуы мүмкін. Қызмет көрсету бекеттеріндегі газ

сорғыштартар сияқты жағармай құю орындарына жақын жерлерде құрылғыңызды өшіріңіз.

Жанармай қоймасы, сақтау орындары немесе тарату орындарындағы, химиялық зауыттар

немесе жарылғыш заттарды қолдану алаңдарында радио жабдықтарды қолдану туралы

background image

Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т



шектеулерге назар аударыңыз. Жарылыс қаупі бар аймақтар барлық жағдайда болмаса да, жиі

ескерту таңбаларымен анық белгіленеді. Оларға кемелердің төменгі палубалары, химиялық

тасымал немесе сақтау орындары және ауасының құрамында химикаттар, сондай-ақ ұсақ

бөлшектер, шаң немесе металл ұнтақтар сияқты бөлшектері бар және т.б. орындар жатады.

Сұйылтылған мұнай газын (пропан немесе бутан) қолданатын көліктерде бұл құрылғының

оларға жақын жерде қолданылу қауіпсіздігі деңгейін көлік өндірушілерден сұрап біліңіз.

жедел қоңырау шалу

Есте ұстаңыз: Бұл құрылғы радио сигналдарды, сымсыз желіні, жердегі байланыс

желісі және қолданушы бағдараламаға салынған жетелерді пайдалана қызмет

етеді. Егер құрылғыңыз интернеттік дауыс қоңырау шалуларды (интернет телефон

шалулары) қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырау шалуларының екеуін

де іске қосыңыз. Құрылғы жедел қоңырау шалуды ұялы желі және интернет желісі

арқылы жүзеге асыруға әрекет жасайды. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге

асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық шұғыл жағдайда байланыс

орнату үшін тек сымсыз құрылғыға ғана сенуге болмайды.

Жедел қоңырау шалу үшін:
1. Егер құрылғы өшірулі болса, оны қосыңыз. Сигналдың тиісті күші болуын тексеріңіз.

Құрылғыға тәуелді бола отырып, сіздің төмендегілерді орындауыңыз қажет:
● Егер құрылғы жарамды болса, оған SIM-картасын енгізіңіз.
● Егер құрылғыңызда белгілі бір қоңырау шалу шектеулері болса, оларды алып тастаңыз.
● Режимді дербес немесе ұшу режимі күйінен белсенді режиміне өзгертіңіз.

2. Дисплейді тазарту үшін аяқтау пернесін басып, құрылғыны қоңырау шалуға дайындаңыз.
3. Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз. Жедел жәрдем нөмірлері әр

жерде әртүрлі болуы мүмкін.

4. Қоңырау шалу пернесін басыңыз.
Жедел телефон шалу кезінде барлық қажетті ақпаратты мүмкіндігінше мұқият беріңіз. Сіздің

сымсыз құрылғыңыз оқиға орнында тек байланыс құралы бола алады. Рұқсат берілгенге дейін

қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.

Сертификаттау туралы ақпарат (ҮСД)

Бұл жылжымалы кұрылғы радио толқындарының әсері жөніндегі ережелердің

талаптарына сай
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады.

Ол халықаралық нұсқаулармен бекітілген радио толқындар әсері шектеуінен шықпайтындай

етіліп жасақталған. Бұл нұсқаулар ICNIRP тәуелсіз ғылыми ұйымы арқылы дайындалған және

жасы мен денсаулығық жағдайына қарамастан, барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз

етуге жасақталған сенімділік қорын қамтиды.

background image

Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т



Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін қолданылады.

ICNIRP бекіткен ҮСД шектеуі дененің 10 грамы үшін 2.0 ватт/килограмм (В/кг) құрайды. ҮСД

үшін тексерулер барлық тексерілген жиілік белдеулеріндегі жоғарғы рұқсат етілген қуатты

құрылғыға стандартты жұмыс күйін қолданады. Жұмыс үстіндегі құрылғының ҮСД көрсеткіші

ең жоғарғы дыбыс деңгейінен төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге жететін ғана қажетті

қуатты пайдаланады. Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы сіздің желі негізі бекетіне

қаншалықты жақын орналастыруыңызға байланысты өзгереді. ICNIRP нұсқаулары белгілеген

құрылғыны құлаққа қолданудың ҮСД ең жоғарғы мәні 0.95 В/кг.
Құрылғының қосымша аспаптарын және жетілдіргіштерін қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД

мәндері шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп беру және тексеру талаптарына және желі

таралымына тәуелді. ҮСД бойынша қосымша мәліметті www.nokia.com сайтындағы өнім

туралы ақпарат ішінен алуыңызға болады.

background image