Nokia 3610 fold - Телефон

background image

. Телефон

Мәзір > Параметрлер > Телефон опциясын, және оның ішінен мына параметрлерді таңдаңыз:
Тіл баптаулары — телефоныңыздың дисплейдегі тілін орнатады, Телефон тілі пәрменін

таңдаңыз. Тілді SIM картаңызға байланысты орнату үшін Автоматты опциясын таңдаңыз. Дауыс

ойнату функциясына тілді орнату үшін Дауысты тану тілі опциясын таңдаңыз. 19-беттегі

«Күшейтілген дауыспен теру» және 31-беттің «Сілтемелерім» бөлімінен Дауыс командалары

тақырыбын қараңыз.
Жад жағдайы — осы параметр көмегімен бос немесе қолданылған телефонның жад көлемін

көре аласыз;
Автоматты клав-ра қорғауышы — бұл параметр телефон күту режимінде және еш бір

функция қолданылмаған жағдайда алдын ала бекітілген уақыт өткеннен кейін түймелердің

автоматты құлыптануын орнатады. Қосу опциясын таңдап, уақытты орнатыңыз.
Қауіпсіздік клав-ра қорғауышы — бұл параметр таңдалғанда құлыпты шешу үшін

телефоныңыздың қауіпсіздік коды сұралады; Қауіпсіздік кодын енгізіп, Қосу опциясын таңдаңыз.
Сәлемдеме — бұл параметрді таңдап, телефоныңыз қосылғанда көрсетілетін хабарды жазасыз;
Телефон жаңартулары — ағымдағы бағдарламаларды тексеру немесе бағдарлама

жаңартуларын орнату;
Операторды таңдау — телефоныңыз сіздің аумақтағы бар ұялы желілерден біреуін автоматты

түрде таңдайтын болады, Автоматты опциясын таңдаңыз. Қызмет ұсынушыңызбен роуминг

келісімі бар желіні таңдау үшін Қолмен опциясын таңдаңыз;
Анықтамалық мәтінді іске қосу — телефонның анықтама мәтіндерін көрсететін не

көрсетпейтінін таңдауыңызға болады;
Қосу үні — телефон қосылғанда әуен ойнайды;
Жапқышты жабу жолы — жапқыш жабылғанда күту режиміне оралуды немесе барлық

бағдарламаларды ашық күйде қалдыруды таңдайсыз;
Ұшу сұрауы — телефон қосылған сайын ұшу профайлын қосу не қоспауды сұрайды; 18-беттегі

«Ұшу күйі» бөлімін қараңыз.