Nokia 3610 fold - Қауіпсіздік

background image

. Қауіпсіздік

Қауіпсіздік белгілері қоңырауларды (байланысқа тыйым салу, жабық абоненттер тобы,

белгіленген нөмірлерді теру) шектеген жағдайдың өзінде, телефоныңызда бағдарламаланған

жедел көмек көрсету нөміріне қоңырау шалу мүмкін болады.
Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік опциясын, оның ішінен мына параметрлерді таңдаңыз:
PIN код сұрау — бұл параметр көмегімен телефон қосылған сайын телефон PIN код енгізуіңізді

сұрайды. Кейбір SIM карталар код сұрау функциясын өшіріп тастауға рұқсат бермейді.
PIN2 кодын сұрау — бұл параметр көмегімен PIN2 кодымен қорғалған белгілі бір телефон

мүмкіндігін қолданған жағдайда, PIN2 коды керек-керек емес екенін көрсетеді. Кейбір SIM

карталар код сұрау функциясын өшіріп тастауға рұқсат бермейді.
Байл-сқа тыйым салу қызметі — бұл функция көмегімен телефоныңыздағы кіріс және шығыс

қоңырауларын шектейді (желілік қызмет). Тыйым салу коды қажет болады.
Белгіленген нөмірлерді теру — бұл функцияны SIM картаңыз қолдаған жағдайда, телефоннан

тек таңдалған телефон нөмірлеріне ғана қоңырау шалынады. Белгіленген нөмірлерді теру

функциясы қосылған жағдайда, GPRS байланысы арқылы хабарламаларды жібергендегі кезден

басқа GPRS байланыстары мүмкін емес. Бұл жағдайда, алушының телефон нөмірі және хабар

орталығының нөмірі белгіленген нөмірлер тізімінде болуы қажет.
Жабық абоненттер тобы — бұл параметр көмегімен сіз қоңырау шалатын және сізге қоңырау

шалатын адамдар тобын белгілеуге болады (желілік қызмет).
Қауіпсіздік деңгейі — телефонға жаңа бір SIM карта салынған кезде телефонның қауіпсіздік

код сұрауын орнату үшін Телефон опциясын таңдаңыз. Егер сіз Жад опциясын таңдасаңыз,

SIM картаның жадын таңдап, ағымдағы жадты ауыстырғыңыз келсе, телефон қауіпсіздік кодын

сұрайды.

background image

3

Ену кодтары — бұл параметр көмегімен қауіпсіздік кодын, PIN кодты, PIN2 кодын немесе

шектеу кодын ауыстыруға болады.
Өкілет сертификаттары немесе Пайдаланушы сертификаттары — бұл параметр

көмегімен телефоныңызға жүктелген өкілет немесе пайдаланушы сертификаттарының тізімін

көруге болады. 48-беттегі «Сертификаттар» бөлімін қараңыз.
Қауіпсіздік модулі параметрлері — қауіпсіздік модулі мәліметтерін көру үшін Модуль PIN сұрау

опциясын таңдаңыз немесе модуль PIN және кіру PIN кодын ауыстырыңыз. Сонымен қатар,

10-беттегі «Қол жеткізу кодтары» бөлімін қараңыз.